Сценарий тақырыбы: Қош келдің, Наурыз

Бурханшина Макпал Абаевна

 

Жүргізуші:  Армысыздар, құрметті қонақтар, ата‑аналар! Бәріміздің асыға күткен наурыз тойымыз да келіп жетті. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! «Балапан» ортаңғы тобының балаларының «Елім менен жеріме, ырысын шашақан наурыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді қабыл алыңыздар!

Ән: «Көктем келді».

Жүргізуші: Балалар Ұлыстың ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме?

  • Ата, әжелерімізді ортаға шақырайық. Төрлетіңіздер! Дастарханға жайғасып отырып, балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар!

Тақпақтар кезек берейік.

Жеті түрлі дән салып,

Дәм татқызған наурыз.

Жақсылық тілеп халыққа,

Молшылық әкелсін наурыз!              Фариза.

Көктем келді балақай,

Жасарды жер алақай.

Нарыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.                           Әмір.

Уа жараңдар, жараңдар,

Бәрін бері қараңдар.

Наурыз тойын тойлайық,

Бір сәт назар салайық.                         Рашида.

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кеңелді.                    Арлан.

Би:  «Белес».

Тақпақтар.

 

Қош келіпсің наурыз,

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың.         Мансур.

Той думанға келіңіз,

Тамашаны көріңіз.              Азиза.

Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан наурыз.

Күлімдеген көктемге,

Шуағын шашқан наурыз.                        Қ.Жансая

Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай.

Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық.                     Каусар.

Жыл басы  наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.                    Аиша.

Музыка әуенімен батыр кіреді.

Батыр:  Ассалаумағалейкум! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Бұл мереке ойынсыз қалай өтпек. Ойын ойнаймызба, балалар?

Ойын: «Гир көтеру».

Жарайсыңдар балалар, күштерін қандай көп.

Балалар сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Көтермек».

Жақсы өте мықты, әрі күштерін көп екен. Менінде кететін  уақытым келіп жетті, келесі кездескенше сау болыңыздар!

Жүргізуші: балалардың жыр шумақтарына кезек берейік.

Тақпақтар.

Жылдың басы наурыз,

Жердің басы наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр әніміз.

Амира.

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Мирас

Наурыз тойым,

Наурыз тойым,

Құтты болсын халайық.

Қане достар, қане достар,

Шырқап әнге салайық.

Әділет.

Наурыз тойы елдің тойы,

Көктем тойы төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы,

Жақсы көрем наурыз тойын

Нұрайым.

Наурыз келді сан құрып,

Асарып жаңғырып.

Құлпырды жер мен көк,

Мейірім таң күліп.

Айым.

Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Атам, әжем той тойлап,

Қуанып жүр балаша.

К.Санжар.

Би:  «Ұлдар»

Ойын: «Орамал тастамақ».

Шарты: Қызымызды ортаға шақырамыз. Ұлдар музыка әуенімен атпен шабады. Музыка тоқтағанда қызымыз орамалды ортаға тастайды, ал ұлдар жерге түсірмей қағып алу керек. Қағып алған бала қыздың бетінен сүйеді.

Ән:  «Наурыз келді»

Жүргізуші:   Атамыздан бата сұрайық.

Әумин!

Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын. Той тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Дастарханнан дәм татыңыздар!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.