Оқу қызметінің тақырыбы: Қысқы пейзаж

Кудайбергенова Мейрамгуль Амыржановна

 

Ұйымдастырылған  оқу қызметінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық »

Бөлімі: Жаратылыстану, Сурет салу

Мақсаты:Білімділік:  Балаларға қыс мезгілі туралы қысқаша айту, сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін, сөздік қорларын молайту. Қарды бақылаузерттеу, эксперименттің нәтижесін көрсету. Сурет салу жолдарын көрсету. Балаларды майшаммен ақ бетке салу, оның ұстімен ақ бетті көгілдір бояумен бояу.

Дамытушылық: Балалардың ізденгіш ірекетің жасап, оны бақылап, есте сақтау қабілетін, ойлауын дамыту. Қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік:  Табиғат әсемдігін байқай алуға тәрбиелеу.

Әдіс — тәсілдері: Көрнекілік, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Қолданатын  көрнекілік: Қыс мезгілінің суреті, ұлпа қардың үлгісі, түрлі-түсті бояу, спонжтар,су,майшамдар,майлықтар, сергіту сәті, жұмбақ ноутбук (слайд), қар,мұз,су,  ойын.

Үштілділік: Қар – снег – snow.

 

Оқу-қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мотивациялы-ынталандыру

кезең

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

-Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.

-Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастайықшы.

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанады достарым

Арайлап атқан күнге.

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Ендеше осы жақсы көңіл-күйімізбен оқу қызметін бастайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын таңдаршы?

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыс мезгілі қандай тақпақты білесіндер?

 

Шеңберге тұрып жылы сөздерді айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Тақпақты

барлығы бірге қуанышты түрде айтып береді.

 

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанады достарым

Арайлап атқан күнге.

-Керемет.

Балалар  сұраққа жауап беріп отырады.

-Қазір қыс мезгілі. Қыс мезгілінде қар жауады.

-Күн суық болады. Қар жауады. Жердің бәрі аппақ болады. Адамдар жылы киінеді.

Тақпақты Мерей , Гүлім айтып шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-ізденгіш кезең

Негізгі бөлім:

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Жұмбақ шешкізу.

Аспаннан ұшып барады

Қолға түссе еріп қалады…

-Ол не балалар?

Үш тілде айтып көрейік:

Қар – снег – snow.

Танқалдыру сәті:

Аққала  қонаққа келеді.

-сәлеметсіздерме , балалар! Сендерге келгеніме куаныштымын. Сендер қар туралы не білесіндер?

-Ол не балалар?

-Қар қайдан пайда болады?

Жаңа тақырып беру:

Ендеше қар туралы мультфильмды көрейік.

Балаларға мультфильм бойынша сұрақтарды қою.

-Қаршалар кайдан шықты?

-Айнала қандай?

-Қар қандай?

-Балалар, аязды күні қарды басып жүрсең, қандай дыбыс шығады?

 

Шелектегі қарды көрсетеді.

Ізденгіш әрекеті :

-Қане , балалар қардың түсін бақылайықшы: қар аппақ , суық , жұмсақ болады, қолымен ұстасақ ериді.

Қардан мүсінді жасауға болады екен көрсету.

-Ой балалар, қарандаршы қармен не болды?

-Қар кандай?

-Ал біздін қолдарымыз ше?

-Біздін қолдарымыз су болды.

Қар еріген кезде неге айналады ?

Қазір осы суға қызыл түсті бояуды қосамыз. Судың түсі қандай түске өзгерді ?

-Дұрыс, ал енді осы суды қатырсақ қандай күйге айналады ?

Аққала :

-Қыста қандай ойындар ойнауға болады?

 

 

Қысқы бейнені  салу үлгісін көрсету.

-Бүгін біз сендермен қысқы бейне   салуды үйренеміз.

Біріншіден саусақтарды жаттықтырамыз.

Су-джок шарлармен жаттығулар:

Соз оң қолды оң жаққа,

Соз сол қолды сол жаққа.

Қолды айналдыр, балақай,

Шеңбер жасап тұрғандай.

Музыканы қосу!

 

1. карындашпен сурет салу;

2. майшаммен сызықтар үстімен сурет салу:

3. ақ бетті спонжтар арқылы көгілдір түспен бояймыз.

4. енді осы суретке терезе рамасын желіммен жапсырамыз. Ол үшін үш саусақ арасымен желімді аламыз желімдеймыз, дайын суретке раманы жапсырамыз!

5. жұмысымыз дайын!

Балалардың жұмыстарын қадағалау.

Енді біраз балалар сергіп  алайықшы?

Сергіту сәті.

Аққала әнін айтып қимылдарымен орындайды.

 

Ойын : «Жыл мезгілдері»

Мақсаты : Ойын арқылы балалар жыл мезгілдерін,балалардың ойын түрлерін, әрекеттерін 3 тілде айтып үйренеді.Суретке қарап өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.Танымдық қабілеттерін артыру.Ойынға, үштілдікке деген қызығушылықтарын ояту.

Шарты : Балаларға жыл мезгілдері бейнеленген карточкалар таратылады, сол мезгілге байланысты құбылысты тауып, сөйлем құрай білу.

Экспериментті аяқтау.

балалар қарандаршы, қар ериді екен.Кәне осы еріген қардың суын майлықтың үстіне өткіземіз. Майлықтын үстін қарайықшы қаншама көп шан, қөқыстар!Қардың қаншама көп кір бар!Қарды ауызға салуға, жеуге болмайды!

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың

шешуін табады.

(Қар)

Балалар хормен үш тілде айтады

Балалар амандасады

 

 

 

 

 

Балалар мультфильм қарап отырады.

Балалар сұрақтарға жауап береді

 

-қар бұлттан шығады

-Айнала аппақ.

-Қар аппақ.

 

-Сықыр-сықыр.

 

-Бұл қыс кезінде болады.

 

-қар аппақ, , суық , жұмсақ болады, қолымен ұстасақ ериді.

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қар домалатып, аққала жасауға болады. Шанамен сырғанақ тебеміз,шаңғы, коньки тебеміз. Қар атысып ойнаймыз.

 

 

 

Балалар қызығушылық тарын танытады

 

 

Балалар ойын шартымен ойнайды.

Балалардың

өзбетінше жұмыстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимылмен

бірге көрсетіп жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынды

қызыға ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялы –

түзету кезең

 

Қорытынды бөлім:

 Сұрақ-жауап сәті.

-Нені салдық?

-Қыс қандай?

-Қар қандай болады?

 

Аққала балаларды мақтайды, мадақтау.

-Балалар бүгін сендер, оқу қызметке өте жақсы қатыстыңдар. Менің сендерге  сыйым бар. Балаларға сыйлығын таратады.  Рақмет.

Сау болыңыздар, балалар!

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар слайд, жұмбақ арқылы балалар қысқы табиғат көріністерін меңгерді. Қардың аппақ, жұмсақ, қолға алсаң еріп кететіні жайлы толық мағлұмат алды. Суреттерге қарап өз ойларын нақты айта білді.

Болу керек: Қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауап берді. Берілген сөздерді үш тілде атай білді.

Істей білу керек: Шыдамдылық, шапшаңдылық қабілеттерін көрсете білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.