Оқу қызметінің тақырыбы: Қыстайтын құстар

Чабжанова Меруерт Бауржановна

 

Ортаңғы  тобындағы  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  технологиялық  картасы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі:  Экология.

Мақсаты:  қыстайтын құстардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: таныс құстардың: торғай мен кептердің аттарын қайталау. Қарға және сауысқан, сарышымшық ,суықторғай,тоқылдақпен таныстыру.

Дамытушылық: сөздік қорын, тілін,  танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: құстарға суық уақыттырда көмектесуге, қамқор болуға  тәрбиелеу.

Керекті құралдар: құстардың суреттері, құстардың дауыстары.

Сөздік жұмыс: торғай, қарға, кептер, сауысқан.

Үш тілдік компонент: құстар-птицы-birds, сауысқан-сорока-mаgpie, кептер-голубь-dove, қарға-ворона-crow, торғай-воробей-spаrrows, сарышымшық-синица-spacecraft,суықторғай-

снегирь-bullfinch,тоқылдақ-дятел-woodpecker.

Іс-әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті

 

Мотивациялық- қозғаушылық  

Шаттық шеңбері:

Достарымның барлығын,

Сыйлап, жақсы көремін.

Алақаным арқылы,

Жылуымды беремін.

 

Үнтаспадан құстардың дауысы шығады.

Жұмбақ жасырады:

Ағаштарды қорғайтын,

Шыбын, шіркей жеп шоқитын.

Ол не?

 

-Кілемде дөңгеленіп тұрамыз.

-Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

-Тыңдайды.

 

Жұмбақтың шешуін табады:

 

—          Құстар.

Ұйымдастыру– іздестіру Әңгімелесу:

—          Қазір жылдың қай мезгілі?

—          Күзден кейін қандай мезгіл келеді?

—      Балалар торғайдың бұл  түрінің ең көп таралған түрі. Бұл тұрғын үйдің маңайын мекендейді. Торғай – кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын, сұрғылт, боз түсті болып келеді.

—    Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершінді ерте заманда елдер арасында «хат тасушы құс» деп санаған.

—   Сарышымшық, дене мөлшері жағынана орташа және ұсақ болып келеді.Жасыл сарғыш түсті, оның төбесінде бір шоқ қауырсын- «тақиясы» (айдары) болады

—   Сауысқанның денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны халқымыз кейде алақанат сауысқан деп те айтады.

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар
—  Тоқылдақтар ағаш бойымен тез қозғалады.Тұмсықтары қатты,ұзын.Олардың пайдалары жаз айларында өте мол.Ағаштағы құрт-құмырсқаларды теріп жейді.Оны ерте заманнан халқымыз «тоғай дәрігері» деп атап кеткен.

 —  Суықторғай — құстың ішіндегі ең әдемі құс. Оның басы, қанаты, құйрығы қара, кеудесі қызыл түстес. Қыстың бірінші қарымен келетін құс. Ол суыққа төзімді құс. Сондықтан да суықторғай деп аталады.

 

Дидактикалық ойын: «Құстарды сипатта»

Мақсаты: құстарды сыртқы түрінен тану, ажырату және суреттеп беруге үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

Үш тілдік компонент: құстар-птицы-birds, сауысқан-сорока-mаgpie, кептер-голубь-dove, қарға-ворона-crow, торғай-воробей-spаrrows.

Құстар туралы өлеңдер айтуларын сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Two little black birds
Sitting on a hill
One named Jack,
The other named Jill

Сөздік жұмыс: торғай, қарға, көгершін, сауысқан,суықторғай,тоқылдақ,

сарышымшық .

Саусақ жаттығуы: «Құстар»

Тоқылдақ ағашты соғатын:

Түк-түк-түк!

(бір алақанды түзу ұстау; бұл-«ағаш», екінші алақанмен тоқылдату: бұл-«тоқылдақ»)

Күнімен іші тоғайдың:

Тоқ-тоқ-тоқ!

(қолды ауыстыру)

Дидактикалық ойын: «Қыстап қалатын және жыл құстарын ажырат»     (Қыстырғышпен)

Мақсаты: қыстап қалатын және жыл құстарын ажырата алуды үйрету. Ойынның барысы: қыстап қалатын және жыл құстарын ажыратуды, қыстырғышпен түстерге сәйкес қыстыруды ұсынады.

Құстарға байланысты тыйым сөздер:

1. «Құстың ұясын бұзба, обал болады»

2. «Аққуды атпа, досыңды сатпа»

3. «Құстың жұмыртқасын жарма, бетіңе шұбар түседі»

Жемшашар.

 

-Күз мезгілі.

-Қыс мезгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі құсты салыстырып, ерекшеліктерін тауып айтады.

Қарға қарқылдайды, ал сауысқан шықылықтайды. Қарға үлкенірек, ал сауысқан кішірек. Қарғаның кеудешесі сары, ал сауысқандыкі ақ. Қарғаның құйрығы қысқа, ал сауысқандікі ұзын. Қарға жүреді, ал сауысқан секіреді.

 

Сөздерді үш тілде қайталап айтады.

 

 

Өлеңдерді  жатқа  айтады:

 

1.Үйге кірші торғайым,

Мен аяздан қорғайын.

Үйшік жасап берейін,

Алдына жем төгейін.

 

2. Дятел дерево: тук-тук,
А по лесу: стук-стук-стук…
Славный доктор Айболит,
Он на дереве сидит.

 

3. Two little black birds
Sitting on a hill
One named Jack,
The other named Jill

-Қимылдарын көрсете отырып, сергіту.

 

 

 

-Сөздерді жекелеме, хормен қайталап айтады.

 

-Саусақ жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—          Ойынды қызыға орындайды. Қыстап қалатын құстарды ақ ұлпақары, бар қыстырғышпен  жыл құстарын жай  қыстырғыштармен қыстырып көрсетеді.

 

 

Қайталайды.

 

 

 

 

Рефлексивті – түзетушілік

 

Қорытынды

Сұрақтар қояды:

—       Құстарға тән ортақ қасиет қандай?

 

 

—       Ал айырмашылығы неде?

 

Торғайларға  жемсалғыш жасауды ұсынады.

 

«Жүректен-жүрекке» шенбері:

Всем зимою холодно,
В дом бегут скорее.
Остаётся солнышко.
Кто его согреет?

 

Сұрақтарға жауап береді:

— Барлығы ұшады, қанаты, тұмсығы бар, жұмыртқалайды.

— Тұмсықтары, дене пішіні, түсі, дыбысы әртүрлі.

Құстарға қағаздан, қораптардан жемсалғыш жасайды.

 

 

 

Шеңберде тұрып өлең сөздерін жатқа айтады.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: құстар туралы тыйым сөздерді, жұмбақтарды, құстарға тән ортақ қасиеттерін, айырмашылығын.

Болу керек:   қыстап қалатын құстар туралы мағлұмат.

Істей білу керек:  сұрақтарға жауап беруді, тапсырманы орындауды.

 

Тәрбиеші:

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.