Сабақтың тақырыбы: «Мектептегі бір күн»

Бекбенбетова Гүлзат Тұраровна

 

«Тиін» ересек тобында өткізілетін қорытынды сабақ әзірлемесі

 

Міндеттері:

1.Балалардың мектеп туралы білімдері  және бағдарламалық материалдар бойынша алған білімдерін бекіту.

2.Мектепке мотивациялық даярлықты қалыптастыруды жалғастыру.

3.Балалардың бойына мектепке баруға деген ниеттерін қалыптастыруға жағдайлар жасау.

Көрнекіліктер: Сабаққа арналған жеке тапсырмалардың карточкалары, қарындаштар, сергітуге арналған көңілді әуен.

Шаттық шеңбер(балалар жылы лебіздерін айтады)

Сабақ мазмұны:

Тәрбиеші балаларға сәбилер балабақшасынан түлеп ұшқан түлектердің фотосуреттерін слайттан қарауды ұсынамын.

Тәрбиеші:-Балалар, сендер қалай деп ойлайсыңдар, бұлар кімдер?

Балалар:

Тәрбиеші:— Біздің балабақшамызға келген балалар — бұлар біздің түлектеріміз. Ал, сендер білесіңдер ме, түлекетр дегеніміз кімдер?

Балалар: -Олар біздің балабақшамызға барған, ал қазір мектепке оқу үшін кеткен балалар.

Тәрбиеші: -Мен, бұлар туралы айтып отырған себебім, жуық арада сендер де мектепке оқуға барасыңдар. Кім айтады, бұл қашан болады, яғни сендер қашан мектепке оқуға барасыңдар?

Балалар: 1 қыркүйекте.

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар, балалар. 1 қыркүйек күні  барлық балалар мектепке барады. Балалар, мектеп дегеніміз не?

Балалар: Ол білім алатын жер.

Тәрбиеші: — Адамдар неге оқулары керек?

Балалар: Өйткені олар білім алып үлкен азамат болу үшін

Тәрбиеші: -Мектепте балалар әр түрлі пәндерді оқиды, үйренеді, қоршаған әлем туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біледі. Біздің балабақшада  сабақ өту барысында сендер көптеген қызықты және мазмұнды нәрселерді үйрендіңдер.

Тәрбиеші: Мектепке барған кезде сендердің барлығың 7 жасқа толасыңдар. Мектепте сендер ұйықтамайсыңдар және ойын бөлмелерің болмайды. Мектептің өзінің ішкі ережелері болады. Мен қазір оларды оқимын, ал сендер өз сөздеріңмен мен тоқтаған кезде толықтырасыңдар.

«Сөзді әрі қарай аяқта» атты ойыны өткізіледі.

  1. Мұғалім сабақ сұраған кезде…(оқушы орнынан тұруы керек,)

Мұғалім отыруға рұқсат берген кезде… (оқушы отыру керек)!

  1. Жауап бергің келсе….(Тек қолыңды көтер)!
  2. Мұғалім сабақ өтіп жатқанда….(сөзін бөлме)

 

Тәрбиеші: — Сендер, енді мектептегі мінез-құлық ережелерін білесіңдер. Мектеп ойынын ойнауды қалайсыңдар ма?

Балалар: иә!

Қос тілділі компонент: мектеп-школа,біз мектепке келдік — мы пришли в школу.

Тәрбиеші: Ендеше, қазір барлығымыз оқушыларға айналамыз:

Бір, екі, үш‑ айналамыз, айналамыз,

Біз оқушыларға айналамыз.

Ал мен айналамын, айналамын,

Мұғалімге айналамын. (қоңырау сыңғырлайды).

  • Міне, біз мектептеміз.

 Тәрбиеші: — Қоңырау соғылды, барлығымыз парталарға отырамыз.

Бірінші сабағымыз — Сауат ашу . Сауатты және тез оқу үшін сөздерді анық айтуларымыз керек.

  1. 1. Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты біз естиміз,және жазамыз.) Дыбыстар нешеге бөлінеді, және қандай?(2ге бөлінеді Дауысты және дауыссыз)

Сөздерді буынға бөліп оқу.(Мектеп,кітап,оқушы.)

  1. Осы сөздерге сөйлем құрау.(Балалар Мектеп,кітап,оқушы сөздеріне сөйлем құрайды)
  2. 4. «Кітап» сөзіне Дыбыстық талдау жасау.

Балалар қоңырауға шығады  (сергіту сәті)

 Аяқтарды топылдат,алақанды сартылдат.

Оңға да, солға да,бұрыламыз оңай-ақ

Басымызды шайқаймыз,қолымызды бұлғаймыз.

Оңға да, солға да,бұрыламыз оңай-ақ.

 -Біздің екінші сабағымыз-математика.

  1. Көршісін тап- Кіші көршім оң жақта,

                            Үлкен көршім сол жақта

Тұрушы еді қасымда.

Қайда кеткен жан-жаққа.

2…4…6…8…10 (Сандардың көршісін табады)

  1. Логикалық есептер шығару.

-Ағаштың басында 5 Торғай отыр еді, 4 торғай ұшып келді. Ағаштың басында қанша торғай болды?   (5+4=3)

Гаражда 10 Жеңіл көлік тұр еді,таңертең 3-еуі жүріп кетті, гаражда неше көлік қалды? (10-3=7)

  1. -Пішіндерге байланысты жұмбақтар шешу.

-Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,

Менің атым…….(Дөңгелек)

-Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,

Бірден білер құлақ асқан сөзіме……(Үшбұрыш)

-Теледидар таныс екен баршаға,

Ал пішіні ұқсайды ғой…….(Шаршыға)

Жарайсыңдар керемет.

 

Тәрбиеші: — Міне, бүгін біздің сабағымыз да аяқталды. Балалар, мен сендердің ұқыпты, зерек, әдепті оқушы болатындарыңа көзім әбден жетті. Бәрекелді, балалар. Ал, енді біз қайтадан балабақша тәрбиеленушілеріне айналамыз:

-бір екі, үш, төрт, бес (балалар айнала бастайды)

Балабақшаға қайта келдік біз.

Қорытындылау:

Тәрбиеші:Балалар,олай болса мектепте өтілген сабақтарымызды еске түсірейік

1.Мектеп сендерге ұнады ма?

  1. Қандай тапсырмалар орындадық?

Тәрбиеші:Балалар,осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасамыз.

Балаларды мадақтау.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.