«Мен өзім тауда туып, тасында өстім» атты Ілияс Жансүгүровқа арналған кештің сценариі

Оразаева Кенжегуль Касымжановна

 

Мақсаты: Ілияс Жансүгүровтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау. Жастарға  Ілияс Жансүгүровтің  еңбектерінің  маңыздылығын көрсету.

 

Көрнекілігі: Слайд, бейне жазбалар.

 

Кеш барысы:

 

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті кеш қонақтары! «Мен өзім тауда туып, тасында өстім» атты Ілияс Жансүгүровке арналған кешімізге қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:  Мен өзім тауда туып, тасында өстім,

Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім

Асқарда Аршалыға қозы жайып,

Бұлттың аспандағы қасында өстім.

 

Жөңкенің жоғары ала басында өстім,

Ақ гауһар, Ақ тастының тасында өстім.

Аспанда ақиығы шаңқылдаған

Құздардың құламалы астында өстім

 

Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген,

Тасы жоқ, таусыз жерді жерсінбеген

Алматым Алатаудың бауырында,

Аңқылдап жел соққандай ән мен күйден – деп жырлаған ақын Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс Жансүгіров — әйгілі ақын, қоғам қайраткері. Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы туралы түсірілген бейне жазбаға назар аударайық.

 

Бейне жазба: «Жансүгіров»

 

1-жүргізуші:  Ілияс Жансүгіров жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. 1919 жылы  Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.  Ілияс Жансүгіровтің еңбек жолы туралы дайындалған слайдқа назар аударып, тамашалайық.

 

Слайд: Ілияс Жансүгіровтің еңбек жолы.

 

2-жүргізуші:  Ілияс Жансүгіров қазақ поэзиясын өркендетуге ерен үлес қосқан саласы  пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған «Жазға салым», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Жаз», «Қыс», «Мезгіл суреттері», «Жел», «Жетісу суреттері» тағы да басқа өлеңдер жазған.

 

Мәнерлеп оқу: «Жазға салым» «Жазғытұрым», «Жазғы шілде» (Осы кезде әуен ойналады,  ортаға үш оқушы шығып І.Жансүгіровтың өлеңдерін оқиды)

 

1-жүргізуші:  Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің ішінде «Жетісу суреттері» өлеңі ерекше орын алады.  1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық әкелген «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін М.Әуезовтің  «мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым»  деуі тегін емес. Өлең жер жаннаты –Жетісудың табиғаты туралы. Өлең «Жалпы сын», «Тау суреті»,  «Жетісудағы су суреті»,  «Жетісу жәндігі», «Жер түгі» деген  бес бөлімнен тұрады. Ақын «жер таппан жерде жетер Жетісуым» деп табиғатты шебер жырға қосады.

 

Мәнерлеп оқу: «Жетісу суреттері»

 

2-жүргізуші:  «Ағынды менің Ақсуым» — туған жерге арналған өлеңі. Осы өлеңді бейне жазбадан тыңдап тамашалайық.

 

Бейне жазба: «Ағынды менің Ақсуым»

 

1-жүргізуші: Ілияс Жансүгіров — қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар жазған.  Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтығы биік  шыңы – оның поэмалары. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады.

 

Мәнерлеп оқу: «Күйші» поэмадан үзінді

 

2-жүргізуші:  Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы – сюжетті поэма. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланысты Ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған. Тілінің байлығы, тазалығы, мөлдірлігі мен бейнелілігі жағынан «Құлагер» — қазақ поэзиясындағы ең үздік поэмалардың бірі.

 

1-жүргізуші:  Қайырып қыстай баптап Құлагерді,
Осы астың  дақпыртына Ақан келді.
Мінгізіп бәйге бала жайтаңдатып,
Аулына ас бергеннің   тақау келді.

 

Араға алты қонып, алыс жерді

Алып ед жайлап жүріп Ақан сері.

Хабары  Құлагердің осы жаққа

Келуші  ед еміс-еміс көптен бері – деп атақты бәйге аты Құлагерді алып  асқа келген Ақанды сүреттейді. Осы поэмадан үзінді тыңдап көрейік.

 

Мәнерлеп оқу: «Құлагер» поэмасынан үзінді

 

2-жүргізуші:   І.Жансүгіров  қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етіп, жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

 

1-жүргізуші:  Құрметті көрермен қауым, осымен  «Мен өзім тауда туып, тасында өстім»  атты Ілияс Жансүгүровке арналған кешіміз де өз мәресіне келіп жетті. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.