Тақырыбы: «Менің отбасым»

Сембаева Кунсулу Бакитжановна

 

Қазақ тілі.

Ортаңғы топ

 

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: балалардың отбасы, туыстық қарым-қатынас,отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсініктерін тиянақтау.

Дамытушушылық мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атауға,сәлемдесіп,қоштасуға,үлкенді сыйлап құрметтеуге үйрету.Олардың ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік мақсаты: инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу,өз ойын,пікірін жеткізе  білуге баулу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: Балалар,қане, барлығымыз шеңберге тұрып,мына жүрек арқылы жүрегімізден шыққан жылы сөздерімізді бір-бірімізге арнайық.

  • Майра, сен сондай ақылдысың, мейірімдісің….

Осы сияқты жылы сөздер шеңбер бойымен жалғасады.

Тәрбиеші: Балалар,  бәріміздің  де отбасымыз бар, қане, айтайықшы отбасымызда кімдер барын.

  • Әсел, сен айта қойшы?
  • Әсел: мен, анам,әкем, інім.

Балалар осылай кезек-кезек отбасында кімдер барын айтып шығады.

Тәрбиеші: Балалар, енді суретпен жұмыс жасайық.

Бәріміз тақтаға қарайықшы.

  • Мынау ата.
  • Мынау әже.
  • Мынау әке.
  • Мынау шеше.
  • Мынау аға.
  • Мынау апа.
  • Мынау қарындас.

 

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар

Еркелер әкем бар,

Аялар анам бар,

Бір туғам апам бар,

Бір туған ағам бар

Ең жақын адамдар,

Отбасым осылар,- дегендей, бүгінгі өткелі отырған сабағымыздың тақырыбы « Отбасым – менің тірегім».

Отбасы дегеніміз – бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар. Олар, ата,әже,әке,ана,аға,іні,әпке,қарындастарымыз.

Тәрбиеші: Енді балалар, санамақ айтайық.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым – әкем

Балан үйрек – анам

Ортан терек – ағам

Шылдыр шүмек – мен

Кішкене бөбек – сен.

Тәрбиеші: Балалар сіздерге отбасы мүшелерінің суреттерін беремін,соны рет – ретімен отбасы үлкенінен бастап қойып шығыңдар.

Тәрбиеші: Қане, балалар , отбасы туралы мақал – мәтел айтайық.

1.Ата – баланың қорғаны.

2.Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

3.Бала – ананың бауыр еті.

4.Ағаның үйі ақ жайлау.( балалар қайталайды).

Тәрбиеші: Балалар,шаршаған шығарсыңыздар,сергіту сәтін жасайық.

Ата болып жүрейік,

Әже болып көрейік.

Ана болып тазалап,

Әке болып тұрайық.

Бала болып әрқашан

Күліп, ойнап жүрейік.

Балалармен жұмыс: өз қолтаңбаларымызды сызып,отбасымызға тілек арнайық.

Қорытындылау:

Отбасы — жылы ұямыз,

Ең жақын адамдар,

Әкем мен анам бар,

Тірегі – ата анамыз.

Уыз сүт еміп осында,

Уылжып біздер өсеміз.

Осында үлгі аламыз,

Еркелеп , ойнап, еліктеп,

Осында өсіп, толамыз.

Балалар,бүгін біз кімдер туралы әңгімеледік?

Балалар, сендер бүгінгі оқу іс – әрекетке өте жақсы қатысып отырдыңдар,мен сендерге ризамын,жарайсыңдар.

Әрқайсымыздың отбасымыз аман , деніміз сау болсын!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.