Сабақтың тақырыбы: Microsoft Power Point бағдарламасы

Матышова Алия Нургалиевна

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:  Power Point программасымен жұмыс істеуді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты:  тәрбиеленушілердің өзбетімен ізденуге, алған білімдерін іс қолдана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Тәрбиеленушілердің  шығармашылық қабілетін дамыту

Сабақтың типі:  аралас сабақ

Сабақтың жабдықтары:  Дербес компьютер, слайд, тәрбиеленушілердің өзіндік жұмыстары

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі  (3  мин)
  2. Үй тапсырмасын тексеру (2  мин)
  • Теориялық бөлім (20 мин)
  1. Практикалық бөлім (10 мин)
  2. Білімдерін бекіту (5 мин)
  3. Үй тапсырмасы (2 мин)
  • Сабақты қорытындылау (3 мин)

Сабақ барысы        

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеленушілердің сабаққа дайындығын тексеру, тәрбиеленушілерді түгендеу, компьютердің жұмысқа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Алдынғы өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру, сұрақтар қою.Реферат қорғау.

ІІІ. Теориялық  ақпарат

PowerPoint MS Office-тің құрамындығы қолданбалы бағдарлама. Баяндаманы немесе лекцияны слайдтарды қолданып жасауға мүкіндік береді. PowerPoint бағдарламасы әр түрлі слайдтардан және бағдарламаны қолдануға әр түрлі тақырыпқа арналған үлгілерді ұсынады.

PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері

PowerPoint бағдарламасы ақпаратты экранда көрсетуге, қолдануға, ақпаратпен жұмыс істеуге және әр түрлі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Мәтінге, нұсқау жазып слайдқа график енгізуге болады. Ол үшін:

  1. Слайдтың бір түрі, оны жеке түрде әзірлеп, безендіріп мәтінге график қосу.
  2. Құрылымының түрі презентацияның мәтініне байланысты. Мұнда барлық слайдтың тақырыбын мәтіндегі және презентация құрылымынан көруге болады.
  3. Іріктеу түрі: слайдтың экранда көрсетілу уақытын ұзартуға, слайдты ауыстырып ажыратуға да болады.
  4. Нұсқаудың түрі баяндамаға нұсқау көрсету үшін арналған.
  5. Көрсету, назарға ұсыну жұмыстың нәтижесін көру үшін қажет.

Бұл режимда слайдтар мониторға кезек-кезек көрсетіліп тұрады.

PowerPoint бағдарламасын іске қосу

PowerPoint программасы тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады. PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін тандау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады.

PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары, Презентациялар, Web-парақтар. Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгіленген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап OK батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұқбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.

Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекеті:

  • PowerPoint программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұқбат тарезенің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация опциясын тандау
  • Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Жалпы астарлы бетінде Жаңа презентация шарт белгісін тандау
  • Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұқбат терезесі ашылады.

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құру сұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, OK батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады. Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді   енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге, яғни форматтауға болады. Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүкіндігі бар. Вставка – Диаграмма командасын орындаймыз.

PowerPoint программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

PowerPoint программасында презентацияны безендіру үшін көптеген фондық өрнектер, слайдтарды эффекті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндігі бар. Слайдтарды безендіру үшін арнайы шаблондарды пайдалануға болады.

Әрбір адамның өз қалауы бойынша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынадай элементтерін тағайындауға болады:

  • Слайд белгіленуі. Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін, сурет,  диаграмма, т.б.  формасын  айтуға  болады.
  • Түрлі-түстер схемасы.Түстерің  кен  мөлшерлі спектрінен  кез  келген  түсті  таңдау  мүмкіндігін  береді.
  • Фон. Слайдтағы түстер тек  бір  түсті ғана  болуы  міндетті  емес.Палитрадағы  ұқсас  түстердің біріенен  басқасына  біртіндеп  ауысуға  болады.Сондай-ақ бір  түстің  өзін вариациялық  түрде  қанықтыра  отрырып,  түстің  әртүрлі  өрнектерін  шығаруға болады.

Слайдтың  осы  элементтері,  яғни слайд  белгіленуі,түрлі-түстер схемасы, фонды  үйлесімді  түрде  өзгерте  отырып,  өз  шаблонымызды  құруға  болады.

Әртүрлі қаріп  түрлерін,  түстерді, бояуларды  бір-біріне  үйлесімді  түрде  қолдана  отырып,  презентация  мәтінін  безендіру  мүмкіндігі  бар. Бұл  кезде әр  слайдтағы  мәтіндер  де бір-бірімен  үйлесуі  керек.

Microsoft  Power Рoint  программасында  әртүрлі  анимациялық  эффектілер және  мультимедиалық  мүмкіндіктерді қолдана отырып, преззентацияны  жандандыруға  болады.Мәтін элементтерін өзіне жеке  әріптер,сөз, абзац  түрінде әртүрлі  эффектімен пайда  болатындай  етіп  жасау  мүмкіндігі  бар.

Слайд  элементтеріне анимациялық  эффектілер  қосу  үшін  Слайдты  көрсету-Анимацияны  қосу  командасын  орындаймыз.  Осы  кезде  анимация  қосу  сұхбат  терезесі  ашылады.Бұл  сұхбат  терезеде слайдтың  әрбір  элементіне анимация  қосу,дыбыстық  эффект  беру,осы  элементтердің  пайда  болу  уақыты мен  ретін  ауыстыру  және  анимациядан  кейін   түсін  өзгерту  немесе  басқа  эффект  беру  әрекеттерін  орындай  аламыз.

Microsoft  Power Рoint  программасының  әрбір  слайдты  көрсетуге  қанша  уақыт  кеткенін  қадағалап,  есептеу   мүмкіндігі  бар.

Слайдтарды  көрсетуге қанша  уақыт  кеткенін  қадағалау  арқылы  алдын-ала  презентацияға  дайындалуға  болады.

Презентация  дайын  болған  соң  оның  ұйымдастыру  тәсілдерін  таңдау  қажет.сондай-ақ  презентация  үшін  компьютер  мониторы, диапроектор немесе  слайдтық  кодоскоптың  қайсысы  пайдаланылатынын тыңдаушыларға  презентацияның қағазға  түсірілген көшірмесін тарату мәселесін шешу  қажет.

ІV. Білімдерін бекіту. Берілген тапсырмаларға жауап беру

Жалпылама сұрақтар:

  • Microsoft Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?
  • Презентация деген не?
  • Түрлі түстер схемасы деген не?
  • Слайд ауысуының қандай түрлері бар?
  • Анимациялық эффектілер деген не? Оларды қосу әрекетін қалай орындауға болады?
  • Презентацияны көрсету кезінде уақытты қадағалау не үшін қажет?
  1. Үй тапсырмасы
  2. 1. Төменде берілген тақырыптарға презентация құру:
  • «Науырыз» тақырыбына;
  1. Сабақты қорытындылау
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.