Оқу қызыметінің тақырыбы: Ойыншықтар дүкені

Аязбаева Гаукар Бадаугазыевна

 

Ортаңғы  тобыңдағы  ұйымдастырылған  оқу қызметінің технологиялық  картасы

 

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі:  Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: балаларға ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін сөздерді, дыбыстарды  дұрыс айтуға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: зат есімнің көпше түріне ілік септігінің жалғауларын жалғай білуге үйрету.

Дамытушылық:  ойын, өлеңдер, жұмбақтар  арқылы сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу  

Үш тілдік компонент: ойыншық – игрушка – tоу,  ойыншықтар – игрушки – toys, доп – мяч – ball, доптар – мячи – balls.

Керекті құралдар: ойыншықтар,  суреттер, ойынға  қажетті карточкалар, үнтаспа.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті

 

 

Мотивациялық  — қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері:

Біз      ұқыпты     баламыз,
Айтқан   тілді       аламыз.
Ойыншықтарды   жинаймыз,
Үлкендерді    сыйлаймыз.

Қонаққа қуыршақ Айшаның келгенін, балалармен «Ойыншықтар дүкеніне» саяхатқа барғысы келетінін   айтады.

— Саяхатқа немен барсақ болады? Мен сендерге саяхатқа баратын көліктің дыбысын жасырамын, егер тапсаңдар сол көлікпен барамыз.

(Үнтаспадан пойыздын дыбысы естіледі) — Сендер пойыз дауысын таптыңдар, олай болса жылдам саяхатқа барамыз.

Қане кімнің бойы ұзын,
Паровоз ол пойыздың.
Қатар – қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.

Шеңбер жасап тұрады.

 

Бәрі бірге қайталап айтады.

 

 

Қуана қарсы алады, мандасады. Мұқият тыңдайды.

 

 

Пойыздың дыбысы екенін айтады.

Қуана келіседі.

 

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

Ойыншықтар дүкенінде  ойыншықтар өте көп.

— Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
— Үйде қандай ойыншықтарың бар?
— Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
— Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Слайд сызбасы:

Мақсаты: Көгілдір экраннан көрген

слайд сызбасына сүйене отырып

ойыншықтарды сипаттауға үйрету, заттың

түсін, пішінін, қалай  сипаттауға

болатынын айтады көлемін ажырата білу

біліктілігін қалыптастыру

 

— Балалар, қараңдаршы, «Ойыншықтар дүкенінде»  қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Ойыншықтар ағаштан, резеңкеден, пластамассадан, матадан жасалады. Олай болса кәне,ойыншықтармен сырласайық.

— Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар, айтыңдаршы?
Дидактикалық ойын: «Ойыншықты не жасалған.?»
Мақсаты:  ойыншықтардың неден жасалғанын атап, ажырата  білуді үйрету

Ойынның шарты: ағаштан, резеңкеден, пластамассадан, матадан жасалган ойыншықтарды атап қорапқа салуды ұсынады.

Дыбыстың артикуляциясы.
Тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”!
Артикуляциялық жаттығулар:

Ян-ян-секірді қоян,

Кі-кі-жүгірді түлкі

 

 

Үш тілдік компонент: ойыншық – игрушка – tоу,  ойыншықтар – игрушки – toys, доп – мяч – ball, доптар – мячи – balls.

 

Сергіту сәті:

Snow on the graund

Snow on the tree

Snow on the house

Snow on the me     
Ойыншықтар туралы жаттаған  өлеңдерін үш тілде  айту
.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтар жасырады:

Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.                                                                                                                                      Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.

 

Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды.

 

Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте.

 

Мазмұнды — рөлді ойын: «Ойыншықтар  дүкені»
Мақсаты: сөйлемді  толық  құрауға  үйрету, ойлау  қабілеттерін  дамыту .
Мамандыққа  баулу яғни,  дүкенші  болуға  ынталандыру  және  сыпайы  сөйлеуге  үйрету. «Рахмет!»,   «Қош  келдіңіз!» деген  сөздерді пайдалану

 

 

Мұқият тыңдайды.

 

Сұрақтарға толық жауап береді.

 

 

Ойыншықтарды сызба бойынша  сипаттап  айтады.

 

 

 

 

Қарайды, тыңдайды.

 

 

 

 

 

Ойыншықтарды атайды.

 

 

Ойыншықтарды ажыратып, атайды . Тапсырманы орындайды.

 

 

 

Қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды.

Ян-ян-секірді қоян,

Кі-кі-жүгірді түлкі

 

 

Үш тілде  сөздерді қайталап айтады.

 

 

Музыка әуенімен айтады.

 

 

 

 

 

Ойыншықтарым көп менің

Бәрін жақсы көремін,

Кешке дейін жалықпай

Бірге ойнап жүремін

 

Так  игурушка наигрались,

Целый день они старались

Снова  в  угол аккуратно

Я  поставлю их обратно.

 

 

I have a dog

I have a little dog          And his name is Jack     His head is white              And his care are black

 

 

 

 

 

 

— Қуыршақ

 

 

— Доп

 

 

 

 

— Ұшақ

 

 

 

Ойынды рөлдерге бөлініп ойнады

 

 

 

Мұқият тыңдайды.

 

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды сұрақтар:

— Біз қайда бардық?

 

— Өздеріңе ұнаған ойыншықтарың бар ма?

 

— Ойыншықтар неден жасалады?

 

 

— Ойыншықтармен қалай ойнау керек?

 

— Балалар, ойыншықпен ойнаған жақсы. Бірақ, ойыншықтың зиянды жақтарын ұмытпағанымыз дұрыс. Зиянды жақтары: ойыншықтарды ауызға салмау керек.

(Қатармен  жүріп топқа қайтады)

Рефлексия:

Бүгінгі  саяхатымыз қызықты болса, қуыршақ Айшаға жасыл түсті моншақты сыйлауды, ал қызықсыз болса, ақ түсті моншақты қорапқа салуды ұсынады.

 

 

— Ойыншықтар дүкеніне.

Ұнаған ойыншықтарын айтады.

— Ағаштан, резеңкеден, пластмассадан, матадан.

— Ойыншықтарды сындырмай, ұқыпты ойнап, ойнап болған соң жинап қою керек.

Мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

Өздеріне ұнаған түстегі моншақты таңдап алады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ойыншықтардың аттарын атап, ажыратып,  неден жасалатынын.                    

Болу керек: өлең, жұмбақтар арқылы сөздік қорлары, есте сақтау қабілеттері.

Істей білу керек: ойыншықтарды ұқыпты ұстауды, тапсырмаларды орындауды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.