Сабақтың тақырыбы: «Оң тиімді жаттығу өзінді таң қалдыру үшін»

Рыспекова Гульнур Мырзабековна

 

Шебер – класс шейпинг

 

Мақсаты: Қатысушылардың денсаулығын нығайту

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Гимнастикалық жаттығулар жиынтығы туралы мағлұмат бере отыра үйрету.

Дамытушылық: Ерік – жігер қасиеттерін қалыптастыру, қимыл – қозғалыс, іскерлік дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, күштілікке тәрбиелеу. Белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) тәрбиелеу.

Сабаққа керекті спорт жабдықтары: гимнастикалық төсеніш, гимнастикалық орындық, секіртпе, үлкен доп, обруч, кіші ағаш ат т.б.

Сабақтың әдісі: Денсаулықты қорғау технологиясы арқылы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруы.

Сыныбы: би залы

Уақыты: 45 минут

Өткізуші: Хореография пәнінің мұғалімі: Г.М. Рыспекова

 

 

I.Кіріспе – ұйымдастыру бөлімі

1.Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

 

1 – жаттығу.

 

Жаттығу іштің қиғаш бұлшықетін және екі жан етін шынықтыруға бағытталған. Бастапқы қалып: арқаға жатамыз, аяқты тізеден бүгеміз, бір аяқтың тізесі сыртқа бағытталады, қол бастың артына апарылып, шынтақ екі жаққа қаратылады. Оң жақ шынтақпен сол жақ аяқтың тізесіне жанаса отырып денені көтереміз, содан соң аяқты айырбастаймыз. Әр жаққа 20 реттен қайталаймыз.

 

2 – жаттығу.

 

Бастапқы қалып: арқаға жатамыз, аяқты тізеден бүгеміз, ішке қарай жинаймыз. Қолды шынтақтан бүгіп, кеудеге қарай қысамыз (жұдырық түйулі болады). Денені тұтастай оңға – солға бұра отырып тізені еденге тигіземіз, бір мезетте бөксе бұрылады. Жаттығуды баяу аяқты іш бұлшықеті жиырылатындай орындау керек. Қайталау саны: әр жаққа 8 – 10 рет.

 

3 – жаттығу.

 

Жаттығу көрсеттік бұлшықетті қиғаш күш түсіре отырып нығайтуға арналған ( + мықынды қалыптау, іштің қиғаш бұлшық еттерін шынықтыру). Еденге отырамыз, аяқты алға созамыз, тізені жазамыз, арқаны тік ұстаймыз (төмені көкке қарай көтереміз). Денені барынша солға бұрамыз, содан соң солға.  2 бұрылыстан әр жаққа 8 рет қайталау керек. Бұрылыстар арасындағы үзілісте – бұлшықетті босаңсыта отырып арқаға жатыңыз.

 

4 – жаттығу.

 

Бастапқы қалып: тізеге отырыңыз, қолды шынтақтан бүгіп, кеудеде ұстаңыз, арқа тік, іш тартылған. Денені оңға ие отырып оң жаққа отырамыз, бастапқы қалыпқа ораламыз және жаттығуды келесі жаққа қайталаймыз. Қайталау саны – әр жаққа 8 реттен.

 

5 – жаттығу:

 

Екі бүйірдің бұлшықеттері мен іштің бұлшықеттерін қатайтуға арналған жаттығу. Бастапқы қалып: бір бүйірге жатамыз, жамбасқа, қол шынтақта бүгулі. Аяқты тізеден бүгулі күйде созамыз және еденнен 10 – 15 градусқа көтереміз. Еденге қоймастан аяқты бүгеміз де, қайта жазамыз. Бұл жаттығуда 16 рет қайталау керек, содан соң келесі бүйірге жатып, осы жаттығуларды қайталау керек.

 

6 – жаттығу:

 

Бұл жаттығу «бүйір бұрыш» деп аталады, ол ішті қатайтуға және қиғаш бұлшықетті нығайтуға бағытталған. Тіктелген аяқты 60-80 градусқа еденнен көтереміз, дене статикалық қалыпта. Жаттығуды аяқты көтеріп және соларды оңға және солға жамбасқа қарай айқастыра отырып орындаймыз. 16 рет қайталаймыз.

 

7 — жаттығу:

 

Бастапқы қалып: әбден бүгілеміз, оң аяқ тізеден бүгіледі, сол жақ аяқ – түзу, арқа тік, аяқ ұшын жоғары тартамыз. Денені солға және оңға иіреміз. Қол иық деңгейінде шынтақтан бүгіледі. Содан соң басқа аяққа бүгілу арқылы орындаймыз. Қайталау саны – әр жаққа 8 рет.

 

 

8 – жаттығу:

 

«Ширатылу» жаттығуы бүйір бұлшықеттердің созылымдылығын жақсартуға арналған. Отырамыз – бір жақ аяқтың жамбасы еденде, екінші аяқ тізеден бүгіледі. Оң жаққа сол жақтың шынтағымен оң жақ аяқтың тізесіне жанаса отырып бұрыламыз. Осы қалыпта 8 дейін санағанша ұстаймыз, содан соң 4 дейін санағанша демалып, тағы бір қайталаймыз. Содан соң жаттығуды келесі жаққа қайталаймыз.

 

9 – жаттығу:

 

Бұл жаттығу іштің бұлшықеттерін қатайтуға да, арқаның үстінгі бөлігінің бұлшықеттерін нығайтуға да бағытталған (қолдың қалпы арқылы). Жаттығуды былайша орындау керек: тік тұрамыз, аяқ иық көлеміне ашылады (әсерін күшейту үшін одан да артық алшақтатуға болады); қол желкеге шынтақтан бүгіледі. Ішті тартамыз. Оң жақ тізені сол қолдың шынтағына түйістіре отырып бұрыламыз, содан соң керісінше қайталаймыз. Осы қалыпты 4 дейін санағанша ұстаймыз және бастапқы қалыпқа ораламыз. Бұл жаттығуды 16 рет әр жаққа қайталау керек.

 

10 – жаттығу:

 

Бастапқы қалып: аяқ иық кеңдігіне ашылады,табан бір-біріне қатар орналасады, қол жамбасқа немесе мықынға қойылады, арқа тік, іш тартылған. Денені айналдыру қимылдарын орындаймыз: алға, оңға, арқа, солға. 8-рет айналамыз содан соң келесі жаққа қайталаймыз.

Бүйір және іштің айқаспа бұлшықеттерін беріктете отырып мықын қалыптастыруға болады. Оның үстіне бұл қиын да емес. Бастысы ниет және үнемі жаттығу жасауға ерік болуы керек. Жаттығулар кешенін күн сайын 20 минут бойы қайталау керемет нәтиже береді және керемет көңіл күй сыйлайды!

Көк тер ектей мықын – бұл қиялдаған арман емес – бұл сіздің мінсіздігіңізге қол жеткізуде бағындыруға болатын биік!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.