Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығы мен «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты кездесу

Айтуганова Салтанат Амирхановна

 

 

1 жүргізуші.  Армысыздар құрметті қонақтар, оқытушылар, студенттер! Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып, үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу дей отырып, бүгінгі біздің «Отбасы – бақыт мекені» атты кездесу кешімізге қош келіпсіздер!

2 жүргізуші.  Тарқалмасын  қызықтың шағы қызған,

Жана берсін, бақ артып басыңыздан,

Құрметпен ұсындық сізге сөзді,

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан-дей келе, салтанатты жиынды ашып беру үшін сөз кезегін колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдыханов Мұхтар Қыбырайұлына беріледі.

 

Ән. Айнамқұл Фаризаның орындауында  «Перзент — парызы»

1 жүргізуші. Әкең- қазақ, шешең-қазақ қарағым

Сен де ұлысың мынау дархан даланың

Әр халықта ұлттық намыс деген бар

Оны биік қасиет деп санаған.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.  Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.

Бұрынғының қарттары дана болған.

Қартты сыйлар жастарда сана болған.

Ата-анадан үлгі алып, жастар да,

Болашағын қорғайтын адам болған!

Осы орайда бүгінгі кешімізге келген, құрметті қонақтарымызды таныстырайық.

2015 жылы  Оңтүстік Қазақстан Облысынан қатысқан «Мерейлі отбасы» Республикалық сайыстың жеңімпазы — ОҚО құрметті азаматы, жаратылыстану  ғылымдары академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясы мен халықаралық Шығармашылық академиясының академик – мүшесі, профессор, химия ғылымдарының докторы. Қазақстан халықтар достығы университетінің негізін қалаушы. «Қорған» қайырымдылық қорын құрған, «Сократ» орденінің иегері – Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков және  зайыбы бүгінде Сайрам ауданындағы Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры, химия ғылымының кандидаты, профессор, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Білім және Ғылым саласының құрметті қызметкері  Карамат Пердешқызы Қуатбекова  және  Берекелі отбасындағы көпбалалы ана, Мырзалиева Гүлбала апамыз бүгінгі кештің қонақтары.

Келесі кезекте кеш қонақтарына сөз берейік.

СҰРАҚТАР!

  1. Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
  2. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз? (рухани тәрбие, патриоттық, имандылық т.б)
  3. Балаңыздың өзіңізге деген сенімін қалай оятасыз?

Студенттердің сіздерге арнаған өлең шумақтарына құлақ салыңыздар: Самет Меруерт және Қырғызбай Ұлбосын

  1. Отбасы бақыты, тірегі неде?
  2. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде қоғам мен ортаның жауапкершілігі басым ба?
  3. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата-аналарға не айтар едіңіз?

Осы сұраққа байланысты дайындаған бейнефильмге назар аударсақ.

  1. Балаңыздың немесе немерелеріңіздің қандай да бір жат қылықтарын көрсеңіз, қалай тәрбиелер едіңіз?
  2. Отбасында баланың бос уақыты қалай өтеді?
  3. Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады?

Студенттердің сіздерге арнаған өлең шумақтарына құлақ салыңыздар: Тәліп Назерке Даулетхан Динара

  1. Отбасында қандай мерекелер мен дәстүрлер аталып өтеді?

1 жүргізуші.

Ұрпақтарға білдіруге тілегін,

Біз деп келді жайып ұстап жүрегін.

Бір кісідей құлақ түріп тыңдайық,

Қадірменді қонақтардың тілегін.

(ҚОНАҚТАРДЫҢ ТІЛЕГІ…)

2 жүргізуші. Сыйлық беру сәті.

«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» Бүгінгі кездесуімізге алтындай уақыттарыңызды бөліп, ата-ана міндетін орындап, ой бөліскендеріңізге рақмет. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз! Үміт еткен балаларыңыз , үміттеріңізді ақтап, тек биіктен көрініп, жемісін берсін.

 

«Фармация және лабораториялық диагностика» бөлімінде

ФЛ 15 «А» тобымен кездесу өткізілді.

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығы мен «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай «Отбасы – бақыт мекені».

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдері  мерекесі қарсаңында 22 тамыз – 22 қыркүйек аралығында  облыстық «Мәңгілік елдің – мәнгілік тілі» атты тіл айлығына арналған.

Мақсаты:

 І. Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың  ұстаған жолын, баланың отбасындағы  орнының жоғары бағалағандығын паш ету,   бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр,  мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана  отырып студенттерді үлкендерді сыйлауға,   кішіге көмектесуге баулу.

ІІ. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Міндеті:

Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Осы кездесуге 2015 жылы  Оңтүстік Қазақстан Облысынан қатысқан «Мерейлі отбасы» Республикалық сайыстың жеңімпазы — ОҚО құрметті азаматы, жаратылыстану  ғылымдары академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясы мен халықаралық Шығармашылық академиясының академик – мүшесі, профессор, химия ғылымдарының докторы. Қазақстан халықтар достығы университетінің негізін қалаушы. «Қорған» қайырымдылық қорын құрған, «Сократ» орденінің иегері – Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков және  зайыбы бүгінде Сайрам ауданындағы Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры, химия ғылымының кандидаты, профессор, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Білім және Ғылым саласының құрметті қызметкері  Карамат Пердешқызы Қуатбекова  және  Берекелі отбасындағы көпбалалы ана, Мырзалиева Гүлбала апа шақырылды.

Келген қонақтарға студенттер өз ойындағы сұрақтарын қойып (Отбасы бақыты, тірегі неде?, Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз? (рухани тәрбие, патриоттық, имандылық т.б), Бала тәрбиесі үшін  отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде қоғам мен ортаның жауапкершілігі басым ба?), қойған сұрақтарына толық жауаптарын ала алды. Студенттердің қонаққа дайындаған әндері, анаға, әкеге, әжеге деген қара өлең шумақтары оқылды, отбасы туралы тәрбиелі, мағыналы бейнефильм көрсетілді.

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата — ананың ықпалы мен қалыптасады.
Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата — анаға үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз.
Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы — адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.


ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.