Сабақтың тақырыбы: Отбасы құқығы

Даданов Асқар Амзеұлы

 

Пән: Қоғамтану

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу, некенің тоқтауы және бұзылуы, отбасындағы ерлі – зайыптылардың, ата – аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, отбасындағы алименттік қатынастар туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Құжаттарды, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, білімгерлердің ой – өрісін, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Білімгерлерді адамдарды құрметтеуге, мейірімділікке, имандылыққа, намысшылдыққа, қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Жаңа білімді меңгерту мақсатында тақырыпты тірек – сызбалар мен бейнроликтің көмегімен түсіндіріп баяндау, өзара сұрақ – жауап арқылы алған білімдерін сараптау. Сонымен қатар білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, ойын тәсілін пайдаланып қорытындылау

Көрнекілігі: слайд, тірек – сызбалар,  нақыл сөздер жазылған буклеттер, ҚР Конституциясы, «Азаматтық кодекс», ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы, плакаттар, маркерлер, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: Құқықтану, Қазақстан тарихы, Саясаттану, Философия

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Білімгерлермен сәлемдесу, олармен қатынас орнату.
  • Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақтар:

  1. Еңбек деген не?
  2. Еңбек шарты деген не?
  3. Еңбек кітапшасында қандай мәліметтер жазылады? Еңбек кітапшасының болуы міндетті ме?
  4. Демалыс күндері еңбек еткені үшін еңбекке ақы төлеу қалай жүзеге асады?
  5. Кәмелетке толмаған балалар қай жастан еңбек етуге құқылы?

Тапсырмалар:  (сұрақтарға заң тұрғысынан мысалдар келтіре отырып жауап беру қажет)

  1. Жаңатас қаласының тұрғыны Мұсаев деген азаматты жұмыс орынының қысқаруына байланысты кәсіпорын басшылары жұмыстан босатқан. Ол жөнінде сол күні жұмыс аяқталуға 1 сағат қалғанда естіген. Бұл жерде әкімшілік тарапынан қандай заңсыздықтарға жол берілді?
  2. Аудан көлемінде таралатын «Сарысу» газетіне мынадай жарнама жарияланған. Аудандағы мейрамханалардың біріне 20 – 25 жас аралығындағы, орыс ұлтының өкілі жұмысқа шақырылады, жоғары білімді болуы міндетті және ешбір дінге қатысы болмауы қажет. Жарнамадағы шарттар заңға қайшыма?

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Еңбек – адамның өмір сүруіне қажетті материалдық, рухани және басқа да игіліктерді жасауға бағытталған әрекеті. Өзіне ыңғайлы жұмыс орынын, кәсіп түрін таңдау әр адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Еңбек қатынсатарын құқықтық реттеуді жүзеге асыратын негізгі құқық салаларының бірі еңбек құқығы деп аталады. Еңбек қатынастарының негізгі қағиттары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдап алуға құқығы бар.

 

ІІІ. Жаңа сабақты игеру:

Мен жаңа сабақты  «Модульдік оқыту технологиясымен» өтуді жөн санадым.

Модуль құрылымы Модульдің мазмұны Уақыты Есертпе
Кіріспе 1.Модульге кіру

2.Лекция және бейнеролик «Отбасы құқығы» (тірек – сызба арқылы түсіндіру)

10 минут

30 минут

Білімгерлер жұмыс жоспарын, сызбаны дәптерге жазады
Сөйлеу бөлімі 1.«Өз сыңарыңды тап» ойыны

2.Сөзжұмбақ «Отбасы»

3.«Үлгілі отбасы» тренинг

8 минут

5 минут

7 минут

Білімгерлердің өз бетінше жұмысы

Топпен жұмыс

Қорытынды 1.Мәтінмен жұмыс

2.»Қоржын» ойыны (бекіту сұрақтары)

3.Қорытынды (кестемен жұмыс)

20 минут Бағалау жұмысы жүргізіледі

Кіріспе бөлім: 

Модульге кіру. Білімгерлерді оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырамын, білімгерлердің осы оқу модуліндегі танымдық қызметтерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтаймын, тірек – сызбаларға, алдын ала дайындалған бейнароликка сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша түсіндіріп өтемін.

Лекция. Күнделікті өмірде неке, отбасы деген ұғымдарды жиі естиміз. Отбасы дегенде әрқайсымыздың көз алдымызға, ойымызға ата — анамыз, ата – әжеміз, туыс – бауырларымыз келеді. Отбасы деген не? Оның құқықтық негізі қандай? – деген сұрақтарға көп ойлана бермейтініміз рас. Отбасы – табиға, биологиялық рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы.

 

Тірек сызба

Отбасы құқығы
 

Отбасы туралы бейнеролик көрсетіледі.

Сөйлеу бөлімі:
«Өз сыңарыңды тап» ойыны.   Жұптасқан түрлі үлестірмелі қағаздар дайындаймын: біреуінде – сұрақтар, екіншісінде – жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған үлестірме қағаздардың түсі бірдей болады. Білімгерлер кез – келген түсті үлестірмелі қағазды (әрқайсысы — біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша сыңарын іздеп тауып, бірге жұмыс жасайды. Мысалы: Отбасы деген не?

Отбасы құқығы

Сөзжұмбақ « Отбасы» Білімгерлер топтасып сөз жұмбақ құрастырады.

«Үлгілі отбасы» тренинг.   Үш білімгерден құралған 4 топ жұмыс жасайды.

1 білімгер – әкесі рөлінде, ертең жауапты жұмысқа кірісетін болағандықтан бүгін кешке үйінде тыныш демалғысы келеді. 2 білімгер – үлкен баласы, дәл бүгін кешке өз үйінде достарымен көңілді кеш өткізгісі келеді. 3 білімгер – кіші баласы, бір нәрсеге көңілі алаңдап, өз ойымен әуре болып отыр, оған үлкендердің көмек, кеңес бергенін қалайды. Тренинге 5 минут уақыт бөлінеді, топтар осы уақыт аралығында отбасындағы кеш қалай өтетіндігіне келіседі. Шешім қабылданғаннан кейін әрбір топ қалай келісімге келгендерін, кім мақсатына жеткенін, кімнің ойындағысы орындалғанын, ойын барысында кім өзін қалай сезінгенін, нені өзгерткісі келетіндігін ортаға салып, ой бөліседі.

 

Қорытынды бөлім:

Мәтінмен жұмыс

  1.  қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың  әрі .
  2. Неке дегеніміз – ерлі – зайыптылардың арасындағы  және  емес  туғызатын, отбасын құру мақсатында жасалған  мен  ерікті одағы.
  3. Некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен отбасы мүшелеріне, жеке басына, қоғамға қауіпті  жасырса, неке  деп танылды.
  4. Алимент дегеніміз —  бар адамға  басқа мүшесі беруге міндетті. Алимент алу немесе тоқтату құқығы қалдырылмайды.
  5. Ортақ баланы асырап – бағып отырған  бұрынғы  алимент талап ету құқығы болады.
  6. Отбасындағы некеге тұрған кезде сатып алынған мүлік   болып табылады. Отбасындағы ортақ мүлікті, ,  ету ерлі – зайыптылардың ортақ келісіміне сай жүзеге асады.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту

«Қоржын» ойыны. Қоржынға әр білімгер жаңа тақырып бойынша өздерінің дайындаған сұрақтарын салады. Қоржынды айналдыру арқылы ішіндегі сұрақтар араластырылып, білімгерлер бір бірден қоржыннан сұрақ алып жауап береді.   Мысалы:

  1. Неке шарттары туралы не білесің?
  2. Некенің неше түрі бар?
  3. Отбасының басты белгілері қандай?
  4. Алимент деген не?
  5. Балалардың ата – ана алдында қандай міндеттері бар? т.с….

 

  1. Қорытынды. Кестені толтыр
  2. Отбасы құқығы

    VІ. Үйге тапсырма

    «Қоғамдағы менің отбасымның ролі» тақырыбында эссе жазу.

    VІІ. Бағалау.

    ПОДЕЛИТЬСЯ

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.