The theme: Polyglot («Полиглот» интеллектуалдық ойыны)

Елеужанова Акмарал Куанышпековна

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

 

The grade: Мектепке дейінгі ересектер тобы

 

Сабақтың мақсаты: Ағылшын тілінде өткен тақырыптарды қайталап, шолу жасау.

Білімділік: Оқушылардың  қазақ, орыс, ағылшын пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу. Ана тіліне және басқа ұлт өкілдерінің  тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз  сөзін, көзқарасын жеткізе білу, сөздік қорын байыту.

Дамытушылық: Көңіл қоя білу, ойда сақтау, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге тәрбиелеу. Ағылшын тіліне деген өызығушылығын арттыру.

Қостілділік компонент: Colours-түстер, Shapes-геометриялық пішіндер, Fruits and vegetables-жемістер мен көкөністер, Family-отбасы, Animals-жануарлар.

 

Әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, тәрбиеленушілер!
Good morning, dear teachers and children!
Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.
Our language is connected with our thought and sense. It’s close to the society’s life.
Сіздермен бірге тілдерді қалай меңгеріп жүргенімізді білу мақсатында бүгінгі «Полиглот» ойынын бастайық.
Today we’ll have a competition.Welcome to our competition “Polyglot”!  Two teams will take part in our competition. Divide into two groups, please. Балаларды екі топқа жемістер мен көкөністер арқылы бөлу.

Жемістерді таңдаған топ-«Clever kids»

Көкөністерді таңдаған топ-«Smart kids»

Ұйымдастыру-іздестіру 1-тапсырма: ‘’Who`s faster’’ ойыны.

Балаларға ағылшын тілінде жемістер мен көкөністерге байланысты жұмбақтар жасырылынады. Бірінші шешкен топқа 5 ұпайдан беріліп отырады.

Бұл ойында балалар жемістер мен көкөністердің ағылшынша атауын, тустерді, пішіндерді қайталайды.

1)    It`s round, tasty, it may be green, red and yellow. Guess, what is it? (An apple)

2)    It`s oval, sour, it`s  yellow. Guess, what is it? (A lemon)

3)    It`s like a lamp, it`s tasty, it may be yellow and green. Guess, what is it? (A pear)

4)    It`s long, tasty, it`s yellow? (A banana)

 

2-тапсырма: ‘’Show me something red …et.c.” ойыны.

Тақтаға түрлі-түсті ойыншықтар ілінеді. Әр топтан екі қатысушы шығып, педагогтың‘’Show me something red …et.c.” командасынан кейін, сол түстес заттарды көрсетіп шығуы тиіс. Бұл ойында балалар тустерді қайталап қана қоймай, сол түстегі ойыншықтың атауын ағылшынша атайды.

 

 

Physical exercises: Head and shoulders.

Head, shoulders, knees and toes,
Knees and toes.

Head, shoulders, knees and toes,
Knees and toes.

And eyes, and ears, and mouth,
And nose.

Head, shoulders, knees and toes,
Knees and toes.

 

3-тапсырма: Protection of the poster. (My family)

Екі топтың қатысушылары «Менің отбасым»  атты тақырыпта постер қорғайды. (3-мин) Балалар ағылшын тілінде отбасы мүшелерін атап, олардың әрқайсысының немен айналысып жатқан сипаттайды.

 

Song “Family finger”.

 

Ширату жаттығуы: «What`s missing?» ойыны.

Тақтаға бірнеше үй жануарларының суреттері ілінеді. Педагогтың «Close your eyes» командасынан кейін, балалар көздерін жұмады. Сол уақытта педагог бір жануарды алып тастайды. «Open your eyes» командасынан кейін, балалар көздерін ашып қай жануар жоғалғанын ағылшынша атайды.

 

4-тапсырма: «Assemble a picture» ойыны.Тақтаға жануарлардың кейбір бөліктері ғана беріледі. Екі топ қатысушылары кезекпен-кезек шығып, тиісті суреттермен(құйрығы, денесі, басы, құлағы және т.б.) тұтас жануарды құрап шығуы керек.1.     Бірінші болып біткен топқа 10 ұпай беріледі.

Рефлексивті-түзетушілік  Now it`s time to say results of our competition.

(Жеңімпаз топты анықтап, мадақтау).

 

Кері байланыс:

Тақтадағы талдың суретіне балалар қызыл, сары, жасыл алмаларды жабыстырады.

Қызыл алма-сабақ ұнамады, сөздерді 3-тілде айтуда қиналамын.

Сары алма-сабақ ұнады, бірақ кейбір сөздерді шатастырамын.

Жасыл алма-сабақ ұнады, сөздерді 3-тілде айта аламын.

 

Бағалау:«Бас бармақ» әдісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.