Сабақтың тақырыбы: Табиғат-ана!

Айткужина  Гульдарай Алтынбековна

 

Сабақтың мақсаты: Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп бекіту. Туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғауға, көркейтуге деген адамгершілігін дамыту. Табиғи материалдан коллаж жасай алуға үйрету.

Керекті көрнекіліктер: Табиғат, жануар, ағаштар, тау- тас, өсімдіктер, құстар деген жазылған сөздермен оның суреттер, доп, дәнді дақылдар, мақта, желім, қылқалам, сары және көк жіптер, майлық.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.

 

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Амансың ба, көк аспан,

Амансың ба, шапағатты күн ана.

Амансың ба, мейірімді жер ана,

Құт дарыт бар әлемді жарылқа.

-Балалар, бүгін біз сендермен табиғат әлеміне саяхатқа барамыз. Маған айтыңдаршы бізді айнала не қоршап тұр?

-Бізді айнала табиғат қоршап тұр.

-Табиғат деген не, оған не жатады?

-Балалардың жауаптары.

-Өте жақсы. Ал енді барлығымыз орындарымызға отырып, осылардың әрқайсысына тоқталайық.

(Әр бала бір-бір суреттен алып сол жөнінде әңгімелейді де, суретін іледі.)

-Жануарлар – орманда, суда, тауда, далада мекендейді. Олар үй және жабайы жануарлары болып екіге  бөлінеді. Үй жануарларының адамға пайдасы біз олардың етін жейміз, сүтін ішеміз, терісіне тон киеміз.

-Ағаштар – ауаны тазартады. Жазда көлеңке, қыста қорған болады. Ағаштардан үй жиһаздарын жасайды, қағаз жасайды.

— Ал ағаштардың көп өсетін жерін не деп атайды?

-Көп ағаштары, құстары, жануарлары бар жерді орман деп атайды. Орманның үш түрі бар.

  1. Қайыңды орман.
  2. Шыршалы , қарағайлы орман.
  3. Аралас орман.

-Ал енді орманның осы үш түріне тоқталайық. Қайыңды орман деген қандай орман?

-Қайыңды орманда тек қана қайың ағаштары өседі.

— Шыршалы, қарағайлы орманда тек қана шыршалар және қарағайлар өседі.

-Ал аралас орманда әртүрлі ағаштар өседі.

-Ал кім бізге орман жайында, не болмаса ағаш жайында өлең оқып береді.

Көк орманда ну ағаш,

Өскен жақсы аралас.

Ең әдемі меніңше,

Құс ұясы бар ағаш.

-Дұрыс, орманға ерекше сән беретін ол — құстар. Ал енді құстар туралы әңгімелесейік.

 

 

-Құстар ағаштардың құртарын жейді. Оларды емдейді. Орманды көңілді етеді, ән салады.  Олар да әр түрлі болады. Біз үй құстарының етін жейміз, жұмыртқасын жейміз.

-Өте жақсы балалар. Ал енді менің сендерге жұмбақ жасырғым келеді. Сендер осы жұмбақтың шешуін тапсаңдар  тағыда бір табиғаттың бірі шығады.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамсаң қорын тек,

Барша тіршілік құлайды.

— Ол су.

— Балалар суда қандай   тіршілік бар. Суда не мекендейді?

-Балалардың жауаптары.

Ал осы аталған жануарлар мен құстардың қайсысының бізге пайдасы бар?

-Біз балықтарды тазалап, пісіріп , қақтап жейміз. Балықтарда өте көп дәрумендер бер.

-Қазақ халқында су жөнінде айтылған өте көп нақыл сөздер бар. Кім нақыл сөздер, мақал-мәтелдер біледі?

-Судыңда сұрауы бар. Бұлақты көрсең көзін аш. Су тазалықтың досы. Суға түкіруге болмайды. Суға қоқысты тастауға болмайды.

-Сонымен балалар, табиғат нешеге бөлінеді?

-Табиғат екіге бөлінеді. Өлі және тірі табиғат.

Өлі табиғат дегеніміз не және оған не жатады?

-Балалардың жауаптары.

-Тірі табиғат дегеніміз не оған не жатады?

-Балалардың жауаптары.

-Ал енді табиғат жөнінде көрініс тамашалайық.

Шырша:       Жасыл желек жамылған ,

Мен жасыл шыршамын.

Жапырағым жап-жасыл,

Өсе берем сан ғасыр.

Жезтырнақ: Жо-жоқ ,

Жақсылыққа көнбеймін.

Мен тұрғанда адамға,

Жақсылық жоқ ғаламда,

Ең әуелі шыршаның

Бәрін шауып құртамын.

Шырша:       Асырды жау айласын,

Құтқарыңдар жауымнан,

Қайдасыңдар, қайдасың ,

Кім бар маған көмектесер.

(2-3 бала көмектеседі).

-Балалар жасыл шыршаға көмектескеніміз жақсы болды. Себебі табиғатқа зиян келтіруге болмайды. Ал табиғатқа тағы не зиян келтіреді?

( 2 бала шығып тақпақ оқиды)

Уланса ауа,

Уланамыз бәріміз.

Уланса  су,

Уланатын тағы біз.

 

Уланса жер,

Уланады өсімдік.

Уланса мал,

У тарайды бізге де.

Бірге: Улы затпен күреспейміз біз неге?

-Балалар осындай әсем табиғатымызды қорғау үшін не істеуге болмайды?

-( Сурет бойынша әңгімелейді).

  • Осы ережелердің бәрін сақтауға, бұзбауға тырысайық. Ал қазір біз сендермен «Ауа, су, жер» деген ойын ойнаймыз.
  • Ал енді біз табиғи материалдан коллаж жасаймыз. Әркім өз орнына отырып жұмысқа кіріседі.( Жұмыс барысында әсем әуен ойналады.)

Қорытынды: Сонымен табиғат тіршілігі деген не? (Балалар жасаған жұмыстарын іле отыра мынадай сөздер айтады.)

— Табиғат тіршілік тұнып тұрған.

— Сен күнсің, көтерілген күліп қырдан.

— Сен таусың.

— Сен бұлақсың, сыңғырлаған сәбидің күлкісіндей.

— Сен жануарсың.

— Сен бұлтсың.

— Сен анасың осы өмірдің бәрін маған сыйлаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.