Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

Шурина Шолпан Жакеновна

 

Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру. Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін дамыту. Балалардың есту қабілетін дамытып, сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру, ізгі қасиеттерге баулу. Отанға деген сүйіспеншілікке , патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Зал мерекеге сай безендірілген. Балалар музыка әуенімен, қолдарында жалау залға кіреді.

Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

Жүргізуші(Арман):       Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем,

Құшағында қаулап өскен гүлі ертең.

Отаным деп мен өзіңді сүйемін ,

Абыройыңды асқақтатам мен ертең.

Құрметті,  балалар және әріптестер! Отанымыздың Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, Отанымыз аман, аспанымыз ашық болсын!

Әнұраным жан ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады

Республика Әнұраны!

«Әнұран» орындалады.

Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

Арман:-Балалар бүгінгі мерекемізді Отанымызға арналған өлең жолдарынан бастайық.

Тақпақтар.

Айзере:          Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам.

Бас иіп саған өтемін.

Жасай бер, жаса Қазақстан!

 

Дария:            Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел Қазақстан,

Көркіне, көркі жарасқа

 

 Қайсар:      Отан-жерім, Отан –суым.

Отан қуат нәр береді.

                      Отан-ұран, Отан –туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

 

Айша:           Көк байрақ, көк аспан,

Алтын күн, нұр шашқан

Әлемге танылған

Тәуелсіз Қазақстан!

 

Аңсаған:    Әнұаным , жан ұраным

Жүрсем егер дүние кезіп

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым.

Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

(Арманның досы Еркін келеді)

Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

Еркін:-Сәлеметсіңдер ме балалар. Сәлем достым Арман. Сендер бүгін Тәуелсіздік мерекесін тойлап жатыр деп естіп, қонаққа келдім. Менде сендермен бірге Тәуелсіздік күнін қарсы алып бірге тойлағым келеді.

Арман: Сәлем,  достым! Еркін, кел ендеше балалармен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Теңге жинау»

Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

Шарты : жылқы үстінде екі бала, шеңбердегі орамалған түйілген теңгені алып, шеңберге жинау, бірінші келген бала жеңімпаз.

Еркін: — Жарайсыңдар балалар, қандай шапшаңсыңдар.

Арман: Еркін  кел біздің балалармен бірге ән шырқайық.

Ән: «Біз Отанды  қорғарғаймыз »

Залдан дауыс шығады.

-Еркін, ау Еркін!

Ортаға атай кіреді.

Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

Атай: — Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер менің немерем Еркінді көрмедіңдер ме?

Еркін:  — Атай мен балалармен бірге Тәуелсіздік мерекесін тойлайын деп келгенмін.

Атай: — Жарайсың Еркін. Балалар Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Сендер жақсы, тәуелсіз,  еркін елде тұрып жатырсыңдар. Сендер бақытты балаларсыңдар. Ау, Еркін, бұл балалар өз Отаны туралы білеме екен?  Кәне ендеше мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап беріңдер.

-Отанымыз қалай аталады?

-Еліміздің призеденті кім?

-Біздің еліміздің рәміздерін атаңдаршы.

-Қазақстанымыздың туының түсі қандай?

-Ал көкбайрағымызда ненің суреті бейнеленген?

-Дұрыс айтасыңдар, қыран, ол біздің еркіндігімізді білдіреді.

-Жарайсыңдар балалар, ендеше менде сендермен бірге бір ойын ойнайын.

Ойын: «Арқан тарту»

Шарты:балалар екі топқа бөлініп, арқан тартып, күш сынасады.

Атай :-Жарайсыңдар, балалар,  қандай жігерлі, күшті. Нағыз ел қорғаушылар өсіп келеді.

Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

Еркін:-Ата, балалармен мен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Көк туымыз желбіресін»

Шарты:Мәредегі жалаушаны бірінші болып, алып қайту. Бірінші келген бала көк туды көтеріп желбіретеді.

Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

Арман:-Жарайсыңдар балалар, ендеше Атай, Еркін сендерге рахмет. Келіңдер бізбен бірге би билеңіздер.

 Би:«Қазақстан жасасын»

Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

Арман: Құрметті,  қонақтар,  сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап дендеріңізге саулық, елімізге амандық, әрқашанда аспанымыз ашық болып, амандықта жүздесейік. Осымен тәуелсіздік мерекесіне арналған  «Бөбек » екінші кіші тобының ойын –сауығы аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
Тәуелсіздік- мәңгіліктің белгісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.