Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті доптар

Смагулова Гульмира Амангельдиновна

 

Білім  беру  саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Мақсаты: 4 негізгі  түстерді(қызыл,көк,сары,жасыл) ажыратуды  жетілдіру.Заттарды  пішіні,түсі бойынша  топтастыруды үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,көрсету,сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: түрлі түсті шарлар,пішіндер,үлестірмелі материалдар,манка ұнтағы.

Сөздік  жұмыс: Қызыл,көк,жасыл,сары.

Мотивациялық  қозғаушылық: Тақтаға әр түрлі шарлар ілінеді,түрлі түсті доптар қойылады.

Балалардың  ойынға деген қызығушылықтары арта түседі.

Шаттық шеңбер:

Қане,қане  тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Қолымызды ұстайық,

Күн сәулесін жасайық.

 

-Қане,балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап,күн жасайықшы.Күн жарқырап  шыққан  кезде  біздерге  шуағын шашады.

-«Ғажайып сәт» (күннің келуі)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Мен сендерге тапқырлар әлемінен келдім.Сендерді ақылды,тапқыр деп естідім.Өзіммен бірге шарлар ала келдім.Бұл шарлар жай шарлар емес,сиқырлы шарлар.Шарларды табыс етейін.(шығып кетеді)

Ұйымдастыру-іздестіру.

-Мына доптың  түсі қандай?

-Көк шарды көрсету.

-Күннің түсі қандай?

-Сары  шарды көрсету.

-Дұрыс,себебі күннің көзі сары.

 

-Мына гүлдің түсі қандай?

-Қызыл шарды көрсетеді.

-Мына доптың түсі қандай?

-Жасыл шарды көрсетеді.

-Дұрыс,себебі табиғат көктемде оянып,жер беті жасыл түске боялады.

Балалар біз түстерді білдік,енді бізге  күннің  табыс еткен шарлары несімен сиқырлы екен, соны білгілерің келе ме?

Ол үшін шарларды бір-бірден жарып көрейік.Кәне,кім маған көмекке келеді.

Ойын: «Судағы бассейн»

Манка ұнтағының ішінде жасырылған пішіндерді тауып,топтастырады.

Сергіту сәті:

Қызыл,сары,көк түсті.

Міне шарлар көп түпті.

Қане қайсысын таңдайсың,

түсін біліп алғайсың.

Ойын: «Кім жылдам»

Балаларды ортаға шығарып,музыка әуенімен шарларды түстеріне қарай топтастырып,себетке жинатқызу.

Ойын: «Пирамида»

Пирамиданы жинамас бұрын,ең алдымен үлкеніне кішісіне қарай жинаймыз.

Балалар апаймен бірге жинайды.(музыка әуенімен)

Рефлексивті-түзетушілік: Балалар,сендерге оқу-іс әрекеті ұнады ма?

Сендерге күннің көзі өзінің сыйлығын беріп кетті.Күн сияқты күлімдеп жүрсін деп кішкентай сары түске боялған күн шуақтарын табыстауын сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.