Үй құстары және үй жануарлары

Усина Копей Букановна

 

Тіл дамыту пәнінен сабақ жоспары.Мектепалды сыныбына арналған

 

Білім беру аясы: Коммуникация

Білім көздері: Тіл дамыту

Мақсаты: І.Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

2.Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

3.Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері, үнтаспа.

Іс-әрекет бөлімдері                                Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру

Сезімді ояту

Үнтаспадан құстардың сайрағаны, судың сылдырлап аққан дыбысын тыңдатады.

-Әуеннен не естідік?

-Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?

-Қауіп төнген кезде құстар шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт — құмырсқаға таласқанда, ащы дауыспен шырылдап, шу шығарады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады және бөтен құстарды қуады екен.

Үнтаспа тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
Ізденістер.

Ұйымдастыру

 

 

«Әтеш пен тоты» ертегісін оқып береді.

— Ерте, ерте, ертеде аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Ешқандай құспен сөйлеспепті. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты.

Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі де жоқ екен. Бір күні Тотықұс әлгі кербез Әтешке келіп:

— Досым мен бүгін қонаққа бармақ едім, жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын? Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, — деп қиылып жалыныпты.

Әтеш досының сөзіне сеніп, әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп тотықұс жасанып, киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтып ұшып кетеді.

— Егер мен кешіксем дауыстап шақыр. Келмей жатсам тағы шақыр, дауысыңды естиін, — дейді.

Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.Содан осы күнге дейін Әтеш Тотықұсты шақырып, таң қылаң бергеннен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен.

— Ертеде әдемі кербез сұлу қай құс екен?

— Тотықұс Әтешке не үшін келді?

— Тоты әдемі киініп, қайда кетті?

— Әтеш таңертең неге айғайлап шақырады екен?

— Әтеш жабайы құс па?

— Үй құстарын атаңдар.

— Үй жануарларын атаңдар.Сонымен қатар балалар,үй жануарына мысық та жатады.

Дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру, «Ұйқасын тап» ойынын ойнау, жалпы және жеке атауларын атау.

-Үй құстарына қандай құстар жатады?

Балалар үй құстарының мамығымен, қауырсынымен танысады, оның қасиеті мен пайдасы жайлы әңгімелейді. Жұмыртқаларды салыстырып, ерекшелігін анықтайды. (Түр — түсі, үлкен — кіші, пішіні).

Музыканың сүйемелдеуімен құстардың қалай ұйықтайтынын, суды қалай ішетіндігін қимылмен көрсету.

Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.

Тыныштық сәтін өткізу.

— Балалар, көзімізді жұмып көз алдымызға өрістегі төрт түлік малды елестетейік. Таңертең жайлауда қой, сиыр, жылқылар жайылып жүр. Айнала тып — тыныш алыстан қозының маңырағаны, бұзаудың мөңірегені, құлыншақтардың дауысы естіліп қояды. Сол сәтте төлдердің енелерді жан — жағына қарайды, бірақ төлдері көрінбейді. Кешкілік өрістен ауылға қайтады. (Жайлап көзімізді ашамыз). Балалар көз алдарыңа қандай жануарларды елестеттіңдер?

— Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

— Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады? Биенің сүті қалай аталады?

— Ат жарысын көргендерің бар ма? Ол қалай өтеді?

г) Жұмбақ шешу.

Мінсең — желдей жүйткиді

Көңілің таудай өседі

Алып ұшар алысқа

«Ер қанаты» деседі.

(Жылқы)

Сергіту сәтін өткізу. Музыканың сүйемелдеуімен қимылдар жасайды:

Тіктеп титтей құлағын

Ботам былай жүреді

Сыртылдатып тұяғын

Бұзау оған ереді

Алға созып мойнын,

Ойнақтайды ботақан

Көкке қарай мұрынын

Шүйіреді бұзауқан

«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.

Шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды.

Сиыр, жылқы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу.

Ертегі тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 
 
 
 
 
Қорытындылау

 

Сұрақтар қою арқылы өтілген сабақты пысықтау. Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже: үй құстары мен үй жануарларын атап береді

Білуі тиіс: үй құстары, үй жануарлары деп неліктен аталатынын біледі

Түсінігі: үй жануарларының төлдері атауларын,дыбыстарын ажыратады

Көрсете білуі: үй құстары мен үй жануарларын суреттен көрсете біледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.