Сценарий тақырыбы: Жарқыра, жаңа жыл!

Рыскулова Аягоз Бауржановна

 

Зал әдемі безендірілуде, әдемі әуенмен балалар пойыз болып тізіліп, ғажайып орманға кіреді.

Тәрбиеші: өз сөздері

Тәрбиеші: балалар, кәне қарайықшы мына шыршаның шамдары жанбаған екен. Оны бізге Аяз ата ғана жағып бере алады. Кәне бәріміз бірге аяз атаны шақырайық. (Аяз ата 3 рет)

Аяз ата:Амансың ба, ұлдарым,

Амансыңба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір әнтыңдап,

Келіптұр-ау демалғым.

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын.

Тәрбиеші: сәлеметсіз бе, аяз ата. Біз сіз көп күттік. Біздің алғашқы жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіз. Міндетті түрде біздің бүлшіндеріміздің өнерін тамашалайсыз ғой?!

Аяз ата: әрине, тамашалаймын. Бірақ мына сендердің шыршаларын шамы жанбапты ғой, кәнеки бәріміз бірге шапалақ соғып жағайық. (шырша жанады)

Тәрбиеші: Аяз ата жоғары шығыңыз, жайғасып отырыңыз.

Театр шымылдығы артынан бір дауыстар шығады.(қоянның секірген дауысы естіледі.)

Қоян : ляляля, мәсаған, бұл не өзі? Мен қайда келіп қалдым, балалар сендер мында не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші : сәлеметсіз бе, қоян. Сіз ғажайып сиқырлы орманға келдіңіз. Біз «жаңа жыл » мерекесін тойлап жатырмыз.

Қоян: ЖаҢа жыл? Ол қандай мереке? Мен бұрын ондай мереке туралы естіген жоқпын!

Тәрбиеші: көрмесеңіз, естімесеңіз онда бізге келіп, қоңақ болыңыз. Бізбен бірге жаңа жыл меркесін тойлаңыз.

Қоян: рас па? Сендермен бірге  мерекені тойлауға болады ма? Қандай керемет!!! Тамаша! Жаңа жыл мерекесін тойлайтын болдым ғой. (Қоян ортаға секіріп келеді.)

Қоян: осында жиналған мен сияқты көп көжектер бар екен ғой.

Тәрбиеші: қоян сіз іздеп жүрген көжектер осылар емес пе? (көжек болып киінген балалар шығады.)

Қоян: бәрекелді, тамаша. Міне менің бауырларым. Кәне, біз өз өнерлерімізді көрсетейік!

Би: «Қояндар»

Тәрбиеші: Рахмет, сізге қоян! Қандай керемет, би!

Қоян: сіздерге де рахмет, балақайлар. Жаңа жыл құтты болсын! Ал, мен қалған жануарларды құттықтауға жолға шығайын. Сау болыңдар, балалар!!

Тәрбиеші: сау болыңыз, қоян!

Тәрбиеші: біздің бүлдіршіндеріміздің орындауында «Қыс келді» әнің қарсы алаңыздар.

Ән: «Қыс келді»

Театр шымылдығы артынан қу түлкінің күлген дауысы шығады. (ха-ха-ха)

Түлкі: сәлеметсідер ме, балалар, қонақтар. Неге осындай барлықтарын әдемі болып отырысыңдар? А?

Тәрбиеші: сәлеметпе, түлкі жан. Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.

Түлкі: жаңа жыл?! бұл орманда ешқандай мереке тойланбайды. Мен қарсымын.

Тәрбиеші: түлкі жан сен ренжімеңіз. Одан да келіп бізбен бірге жаңа жылда көңіл көтеріңіз.

Түлкі: жақсы қазір, онда мені күтіңіздер. (түлкі ортаға шығады)

Тәрбиеші: міне түлкі жан, жаңа жыл деген өте жақсы мереке, балаларды, шыршаны қарашы қандай әдемі.

Түлкі:Иә, мен бұрын сондай мереке жайлы естіген болатынмын, ал, сендер би билеп, ән айтудан басқа не істей аласыңдар?

Тәрбиеші: біздің барлық балаларымыз өнерпаз, жан-жақты. Онда біз сізге оркестр орындап берейік. (ортаға түлкі болып киінген балалар шығады.)

«Оркестр»

Тәрбиеші: балалар, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Кәнеки, ортаға (Сұлтан, Айнел, Айзере, Аңсар)шығады.

Ойын: «Шыршаны әдемлейміз»

Театр шымылдығы артынан қасқырдың ұлыған дауысы шығады. (у-у-у-у)

Қасқыр: не бұл? Бұл не өзі? неге ән айтып, билеп қуанып жатсыңдар?

Тәрбиеші: сәлеметсің бе, қасқыр. Сен неге балалар мен қонақтармен амандаспайсың?

Қасқыр: ойбуй, ұмытып кеттіппін. Кешіріңіздер. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар.

Тәрбиеші: міне, осы дұрыс болды қасқыр.

Қасқыр: сонымен сендер неге барлықтарын осы шыршаның қасында қуанып жүрсіңдер?

Қасқыр: жоқ, маған ешқандай мерекелер ұнамайды.себебі, мені ешкім мерекеге шақырмайды. (жылаған дауыс шығады.)

Тәрбиеші: бұл не дегенін? Қазір, мереке, жаңа жыл мерекесі емес пе. Осы мерекеде қуанып, би билеу керек. Кел бізбен бірге би билейік.

Қасқыр: распа? Келуге болады ма? (ортаға қасқыр келеді)

Тәрбиеші: қасқыр, сен жылама, сен біздің балалардың өнерін тамашалап, көңілін көтеріліп қалады.

Тәәрбиеші: қасқыр болып киінген балаларды шақырайық.

«ойын-бимен»

Тәрбиеші: Балалар тағы да бір дауыс естіледі?!

Театр шымылдығынан  қорбандаған аю шығады.

Аю: кім мында шулап жатқан? Неге маған ұйқы бермейсіңдер? Неге сендер көңіл көтеріп жатсыңдар?

Тәрбиеші: сәлеметсіз бе, аю. Сізге бөгет болсақ кешіріңіз. Біз мұнда жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Келіңіз бірге тойлайық?!

Аю: мереке? мерекелерің қызық екен. Бұрын ондай мерекені естімеген едім. Кәне көрейін, қандай мереке екенін. (ортаға аю келеді)

Тәрбиеші: әрине, келіңіз, қонақ болып тамашалап көріңіз.

Тәрбиеші: кәнеки, балалар. Аюға мерекені көрсету үшін, бір би билеп берейік.

«Қонжықтар биі»

Ойын: «аюды ұстап ал»

Аю: билерінде, өздерінде керемет тамаша балалар кекенсіңдер. Ал мен болса қайтадан орманға барып, ұйқыға жатайын! Саау болыңдар, балалар. Жаңа жыл құтты болсынІ

Тәрбиеші : сау болыңыз , аю .

Тәрбиеші: ал, аяз ата. Мінеки балалар аңдармен бірге би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетіп жүр. Сізде балаларға деген сыйлықтарыңыз бар шығар.

Аяз ата: әрине, балапандарыма арнайы сыйлықтарын қапшығыма салып, оны шананың үстіне қойып, атымен бірге әкеле жатқан едім. Бірақ атым ешқай жерде көрінбейді.

(аттын дауысы шығып, ортаға ат келеді,шанамен сыйлықтар әкеледі.)

Аяз ата: әй, жарайсың, тұлпарым. Міне көмекшім менің. Рахмет саған.

Тәрбиеші: міне, қандай керемт ақылды ат екен.

Аяз ата сыйлықтарын таратып береді.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен «балапан» бірінші кіші тобының ертеңгілігі аяқталды. Жаңа жылда әр отбасыға жаңа табыс, жаңа бақыт , жаңа нұр әкелсін деп тілейміз. Қош сау болыңыздар.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.