Сабақтың тақырыбы: «Жыл бойы өткенді қайталау». Білім беру саласы: «Таным»

Капашева Карлыгаш Батаевна

 

Ұйымдастыру оқу іс — әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Мақсаты: 1. Білімділік: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, кеңістікті бағдарлау оң, сол, алдыда, артта ұғымдарын дамыту. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Жыл бойы өткен тақырыптарды қайталау. Апта күндерін атауды үйрету, балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Дамытушылық: Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой — өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым — қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал- жабдық: мультемедиа,  геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш,  сандар,  үлестірмелі материалдар пайдаланылады.

Әдісі: « Қызыл телпек» ертегісі желісімен.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Қонақтармен амандасып, математика  сабағы екенін айтып ескерту.

  • Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
  • Көктем айларын атаңдар?
  • Қазір көктемнің қандай айы?
  • Апта күндерін атаңдар?
  • Бір аптада неше күн бар?

( Күйтабақтан музыка естіліп топқа Қызыл телпек келеді)

Қызыл телпек: Мен әжеме қонаққа бара жатырмын, бірақ мына орман іші өте қорқынышты екен.

Тәрбиеші: Қызыл телпек біздің балалар саған көмектеседі. Ол үшін тапсырмаларды орындап, Қызыл телпекті әжесіне жеткізу керек.

Ендеше орманға атанайық. Балалар, мына орман өте сиқырлы, аң, құстар көп екен. Солардың даусы да естіледі.

Тәрбиеші: — Балалар ненің даусын естіп тұрсыңдар?

Балалар:  Қоянның  даусын естідік.

Тәрбиеші:  Қоян  қалың орманда жүріп ашығып қалыпты.  Қоян  не жегенді ұнатады?

Балалар: Қоян сәбіз  жегенді ұнатады.

Тәрбиеші: Ендеше  қоянды сәбізбен  тамақтандырайық. Алдарыңда карточкалар жатыр. Карточканың  жоғарғы   және төменгі бөлігін көрсетіңдер.

Балалар: Жоғарғы жағын көрсетеді.

Тәрбиеші: Жоғарғы жағына  алдарыңдағы қояндар  бар. ( солдан оңға қарай)

Неше қоян  қойдыңдар?

Балалар:  Көп

Тәрбиеші:  Төменгі бөлігіне  әр қоянға  бір сәбізден  қойыңдар.

Тәрбиеші: Қанша сәбіз  қойдыңдар?

Балалар: Көп.

Тәрбиеші: Қараңдар, сәбіз бен қояндардың  саны бірдей ме?

Балалар: Ия, бірдей.

Тәрбиеші:  Тағы қалай айтуға болады?

 Балалар: Тең.

Тәрбиеші:  Балалар біз не істедік?

Балалар:  Сәбіз бен қоянды  тең бөлдік.

Тәрбиеші:  Бұл тапсырманы орындадық. Алдымызда өте қиын  тапсырма бар. Қызыл телпек асығып келе жатып бояу қарындаштарды шашып алыпты. Қарындаштар ауысып, араласып кетіпті. Қызыл телпекке қарындаштарды стақанға  жинауға  көмектесейік. (қандай қарындаш ұзын, қандай қарындаш қысқа)

Қызыл қарындаш ұзын, жасыл қысқа т.б

Балалар біз не істедік?

Балалар:  Қарындаштарды стақандарға салдық.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар, бұл тапсырманы да орындадық. Шаршадыңдар ма? Сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті. Көжектерім тұршы,

Беті- қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Сөмкеңді алшы

Сабаққа баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы.

Тәрбиеші:  Жарайды, енді Қызыл телпекке көмектесейік. Балалар , Қызыл телпекті қасқыр ұстап алмпқшы. Қызыл телпек  қасқырдан қашып, әжесінің үйіне тез жету үшін алдарында  жуан  және жіңішке жол бар. Осы жолдың қайсысымен жүрсе Қызыл телпек әжесінің үйіне тез жетеді.

Балалар:  Жіңішке

Тәрбиеші:  Ал қасқыр қандай жолмен жүреді.

Балалар:  Жуан  жолмен жүреді.

Тәрбиеші:  Шаршадыңдар, енді  ойын ойнап көрейік.

Ойын: «Не үлкен және кішкентай»

Ойын: «Көп және аз»

Тәрбиеші: Қызыл телпекте әжесінің үйіне келіп жетті. Қараңдаршы Қызыл телпектің әжесінің үйі қандай пішіндерден құралған.

Балалар: Үйдің шатыры үшбұрыш, қабырғасы төртбұрыштан, терезесі және есігі тік төртбұрыштан құралған.

Тәрбиеші: Бұларды не дейді.

Балалар: Геометриялық пішіндер дейді.

Тәрбиеші: Балалар Қызыл телпектің әжесі ұйықтап қалыпты. Көмек керек болып тұр. Ол бір күнде  неше тәулік бар  екенін білмейді екен. Көмектесейік.

Жыл бойы өткенді қайталау

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Қызыл телпекке көмектестіңдер.  Осымен сабағымызды аяқтайық. Сау болыңыздар.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.